Қайрат Нұртас  Шымкентте бала жанкүйеріне өзінің күртешесін кигізді (видео)

/uploads/thumbnail/20171120135323962_small.jpg

Шымкентте өткен концертінде әйгілі әнші Қайрат Нұртас өзінің сырт киімін кішкентай жанкүйеріне сыйлады. Мұндай сыйлықты алған баланың қуанышында шек жоқ екендігін YouTube желісіне шыққан бейнежазбадан байқауға болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

Белгілі әнші әдеттегі дәстүр бойынша өзіннің бір затын халыққа сыйлауды әдетке айналдырған. Бұл жолы сыйлыққа ие болған кіп-кішкентай жанкүйер әншінің бұл әрекетінен шаттыққа бөленді. Қатты қуанғаны соншалық, бала Қайрат Нұртасты бар ықыласымен құшақтап алды. Бейнежазбаға қарасақ, кішкентай жанкүйер әншіден мұндай сыйлық күтпеген.

Желі қолданушылары әншінің мәрттігіне дән риза. Бейнежазба астына жазылған жақсы пікірлер өте көп, олар Қайрат Нұртас өте мейірімді және жаны жақсылыққа құмар адам деп жатыр.

яндекс

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың өз киімін жанкүйерлеріне беруі бірінші рет емес. Оның алдында әншінің күртешесі Семейдің ерекше тұрғыны, арбаға таңылған жанкүйеріне табысталған еді. Оған қоса, күртешені иеленген адамдар оны сатылымға шығарып жатқан кездер де болған. Сатып алушылардың бірі оны 560 мыңға бағалаған болатын. Ал тамыз айында Қостанайда өткен концертте жұртқа лақтырылған Қайраттың күртешесін жиналғандар жыртып тастаған еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар